Теһрандағы Негарестан мұражайы

Kazakh Radio 16 views
Негарестан мұражай - әдемі бақ пен құнды мұражайдың үйлесімі. Бұл бақты 200 жыл бұрын Қаджарлар кезеңінде Фатх Али Шах Қаджар салған. Ол бұл бақты жазғы демалысқа жоспарлаған. Бұл бақ салынған күннен бастап бүгінгі күнге дейін көптеген өзгерістерге ұшырады. Кейінгі кезеңдерде Негарестан бақтары мен зәулім сарайларының қолданылуы әртүрлі болды. Мысалы, шамси күнтізбесінің 1311 жылы бақ жоғары оқу орнына айналды, кейіннен бұл бақта қоғамдық ғылымдар және әдебиеттер факультеті ұзақ жылдар жұмыс істеді. 1995 жылы бақтың алғашқы өзгерістері басталып, осы әдемі жер бақ мұражайға айналды. Осы бақтың ауласында ирандық атақты адамдар, ақсақалдар мен жазушылардың түрлі мүсіндері қойылған бөлім бар. Бұл мүсіндердің ең қызықтыларының бірі – Иранның ұлы ақыны «Аболғасем Фердоусидің» қола мүсіні. Бұл әдемі мүсінді француз мүсінші Лоренци Франциядағы бір топ ирандық студенттердің тапсырысымен жасаған. Камал-әл-Молк Бағ мектебінің мұражайында осы құнды ирандық шебердің шәкірттерінің суреттері

https://itolqyn.com/radio

Add Comments