Раиси: Хазірет Иса (ғ.с) залымдарға қарсы тұрудың символы

Kazakh Radio 21 views
ИИР Президенті жұма күні христиан елдерінің басшыларына арнаған жеке жолдауында оларды Иса Мәсіхтің (ғ.с.) туған күні және Жаңа жылдың басталуымен құттықтады. Раиси бұл жолдауларында Иса Мәсіхтің (ғ.с.) туған күнімен құттықтап: «Иран халқы үшін хазірет Исаның (ғ.с.) туған күні өте қымбат және қуанышты. Мұсылмандардың хазірет Исаға құрметі христиандардан кем емес»,- деді. ИИР Президенті Иса Мәсіхті (ғ.с.) залымдарға қарсы тұрудың символы және үстемшілдерге қарсы күресте азаттық үшін шабыттандырушы деп сипаттап, бұл ұлық пайғамбар мен оның пәк анасының есімінің Құранда талай рет айтылғанына тоқталды.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i57910

Add Comments