Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне қатысты аза тұту рәсімі өтті

Kazakh Radio 8 views
Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне қатысты аза тұту рәсімі имам Хомейни атындағы діни рәсімдер өтетін жерде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен және коронавирустың таралуының жалғасуына байланысты санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтап, жамағаттың қатысуынсыз өтті. Діни жетекшінің ақпарат тарату кеңсесінің мәліметінше, бұл рәсімде діни мәселелер маманы Седиқи сөйлеген сөзінде Алла жолында шәһид болуды тілеуді илаһи әулиелердің ерекше қасиеттерінің бірі деп атап: «Шынайы пенделер үшін шәһид болу – мақсатына жетіп, Аллаға қосылу болса, революцияның жеңісі – мүміндер Әмірі хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) мектебі шаһиді Солеймани сияқты бірегей әрі шәһид болуды тілеуші шәкірттерді тәрбиелеу»,- деді. Сондай-ақ бұл рәсімде Джафар Фарди Құран оқыды және Саид Хаддадиан мырза жоқтау айтты. 2022 жылдың 6 қаңтары, хиджраның 1443 жылы джамади сани айының үшінші күні, хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) сүйікті қызы және хазірет Әлидің (ғ.с.) жұбайы х

https://itolqyn.com/news/iran-i57978

Add Comments