Амир Абдуллахианның Оман мен Катарға екі күндік сапары аяқталды

Kazakh Radio 3 views
Иран Сыртқы істер министрі Оман мен Катарға екі күндік сапарынан кейін сәрсенбі күні таңертең Теһранға келді. Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Абдуллахиан Доха сапарының жетістіктері туралы: «ИИР-ның бір топ министрлері алдағы күндері Дохаға барады»,- деді. Амир Абдуллахиан Оман мен Катар астаналарындағы Вена келіссөздеріне қатысты мәселелерге де тоқталып: «Иран аймақтағы достарын Вена келіссөздерінен хабардар етіп отырады және олар біздің көршілеріміз ретінде Иран мен 4+1 тобы арасында Венада болып жатқан оқиғалардан хабардар болуға құқылы»,- деп мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрі сөзінің жалғасында: «Біз ИИР-ның бейбіт мақсаттағы ядролық білімді дамыту саласындағы жетістіктерін аймақтағы барлық елдерге, көршілер мен ислам елдеріне қолжетімді етуге болады деп санаймыз»,- деді.

https://itolqyn.com/news/iran-i58196

Add Comments