Бағдадтағы АҚШ елшілігіне зымыранмен шабуыл жасалды

Kazakh Radio 11 views
Ирак қауіпсіздік көздері Бағдадтың жасыл аймағындағы АҚШ елшілігіне зымырандық шабуыл жасалғанын хабарлады. Saberin News Telegram арнасының хабарлауынша, кеше, бейсенбі күні Бағдадтағы АҚШ елшілігінің үшінші базасына белгісіз күштер екі зымыранмен шабуыл жасады. Жарылыстар АҚШ елшілігіне кіретін барлық есіктерді жауып тастады. Сондай-ақ шабуыл туралы жарияланған бейнелер АҚШ әскерінің Сирам қорғаныс жүйелерінің атылған зымырандарға үнемі қарсы тұратынын көрсетеді. Айта кететін жәйт, әлі күнге дейін Ирактың ешбір қарсыласу тобы бұл шабуылды өз мойнына алған жоқ. АҚШ елшілігіне келтірілген адам және қоршаған ортаға зиянның деңгейі де белгісіз.

https://itolqyn.com/news/middle_east-i58252

Add Comments