Ислам революциясы жетекшісінің сәлемі «Күн елінің иммигранты» кітабының жапондық авторына жетті

Kazakh Radio 7 views
Ислам революциясы жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің «Күн елінің иммигранты» кітабына арналған пікірі мен сәлемі және дұғасы жапондық авторына жеткізілді. Ислам революциясы жетекшісі кеңсесінің орынбасары және аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және басып шығару кеңсесінің өкілі Мұхаммад Мұхаммадиан сәрсенбі күні Теһрандағы «Хатам әл-Әнбия» ауруханасына барып, қасиетті қорғаныс соғысының жапондық шәһидтің анасы Саба Бабаи (Конико Ямамура) ханымның халін сұрап, оған Ислам революциясы жетекшісінің сәлемі мен дұғасын жеткізді. Ислам революциясы жетекшісі кеңсесінің орынбасары: «Аятолла Хаменеи сізге сәлемін жолдап, Ислам мен революция жолында өткізгеніңіз өміріңіз үшін денсаулық тілейді»,- деді.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i61848

Add Comments