Ауғанстанның оңтүстігіндегі жер сілкінісінен 255 адам қаза тауып, 150 адам жарақат алды

Kazakh Radio 3 views
Ауғанстанның оңтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан 255 адам қаза тауып, 150 адам жараланды. Ауғанстанның Пактика облысындағы жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, бүгін сәрсенбі таңертең Гаян қаласында болған 6 баллдық жер сілкінісі салдарынан 400-ден астам адам қаза тауып, жараланған. Жер сілкінісі Ауғанстанның басқа да бірқатар облысында да болды. Гаян қаласындағы жергілікті ақпарат көздері жер сілкінісінен бір ауыл толығымен қирағанын хабарлады.

https://parstoday.com/kz/news/world-i61978

Add Comments