Джебели Дамаскіде Сирия Мәдениет министрімен кездесті

Kazakh Radio 5 views
ИИР Телерадио бірлестігі басшысы сейсенбі күні Дамаскіде екіжақты кеңесулерін жалғастырып, Сирияның Мәдениет министрімен кездесті. Iran Press ақпарат агенттігінің мәліметінше, Пейман Джебели Сирияның Мәдениет министрі Лубана Мшавенің Иранның ақпарат құралдары делегациясымен кездесікеніне алғысын білдіріп: «Жұмсақ соғысқа назар аудару маңызды. Бұл оқ даусы естілмейтін соғыс»,- деді. Сирияның Мәдениет министрі де елдің Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынасын жоғары деңгейде жариялады. Пейман Джебели бұған дейін Сирияның ақпарат министрі Батрас Халлакпен кездесіп: «Қарсыласу күрескерлері майдан даласында ерлігін көрсетті, жеңіс қарсыласу елдерінің пайдасына болды, қазір ақпарат құралдары соғысы қызуда»,- деп айтты.

https://parstoday.com/kz/news/middle_east-i62128

Add Comments