Хатибзаде: Корея кемесінің тоқтатылу себебі техникалық болды

Kazakh Radio 32 views
Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз өкілі Оңтүстік Корея кемесінің Парсы шығанағындағы тоқтатылу себебінің техникалық болғанын мәлімдеді. Дүйсенбі күні Парсы шығанағы суларындағы мұнай ластығына байланысты Оңтүстік Кореяның кемесі Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерімен тоқтатылды. Саид Хатибзаде журналистердің кореялық кеменің тоқтатылуы туралы сұраққа берген жауабында кеменің теңізді ластағаны үшін сот шешімімен жағаға шығарылғанына тоқталып: «ИИР басқа елдер сынды ұқсас мәселелерге, әсіресе теңіздің қоршаған ортасының ластануына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан заңдарға сәйкес әрекеттенеді»,- деді.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i49591

Add Comments