Хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болуына арналған аза тұту рәсімінің бірінші кеші жетекшінің қатысуымен өтті

Kazakh Radio 24 views
Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болу күніне байланысты аза тұту рәсімі Ислам революциясы жетекшінің қатысуымен имам Хомейни атындағы діни орталықта өтті. Бұл рәсімде Ходжат ул-ислам Казем Седдиқи сөйлеген сөзінде сенімділіктің және күмән мен ауытқудан сақталудың маңыздылығына сілтеме жасап, хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қасиетті болмысының иман мен сенімділікке толы деп біліп: «Құранның қасиетті аяттарына сәйкес, ақиқат жолында сенімділікке, тұрақтылық пен табандылыққа жету үшін Аллаға құлшылық етіп, үстемшілдік пен басқалардан артық көруден тартыну қажет»,- деді. Бұл рәсім Ахмад Абу әл-Қасемидің Құран аяттарын оқуымен басталып, Мәһди Самавати «Тавасул» дұғасын оқыды.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i49719

Add Comments