Иранда коронавирусқа қарсы вакциналау басталды

Kazakh Radio 24 views
Иранда коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. ИИР Президенті Хасан Руханидің бұйрығымен сейсенбі күні ресейлік «Спутник-V» вакцинасын егу басталды. Вакциналау күн сайын мың адамды егумен басталып, содан кейін қайта бағалау жүргізіліп, егілетін адамдар саны көбейтіледі. Ресейлік «Спутник-V» вакцинасының бірінші топтамасы Иранға өткен бейсенбіде жіберілді. Ресейлік «Спутник-V» вакцинасы 16 елде, оның ішінде Иранда тіркелді.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i50300

Add Comments