Тоқаев: Қазақстан ұйымдасқан төңкеріс жасау әрекетін бастан өткерді

Kazakh Radio 5 views
Қазақстан Президенті өткен аптада болған тынышсыздықтарды «ұйымдасқан төңкеріс» деп атады. ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының видеоконференция арқылы өткен төтенше отырысында: «Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихында ең ауыр дағдарысты бастан өткерді. Қарулы топтар бейбіт наразылыққа араласты. Басты мақсат – тәртіпті бұзу, мемлекеттік мекемелерді бүлдіру және билікті қолға алу. Біз төңкеріске талпыныс туралы айтып жатырмыз»,-деді. Тоқаев: «Лаңкестер елде төңкеріс жасауға көптен дайындалған. Жаңа жылдың басында болған барлық өзгерістер бір бүлдіргі жобаға негізделген. Оны дайындауға ұзақ уақыт кеткен»,-деді. Қазақстан Президенті қаңтар айының басынан бастап ірі масштабтағы дағдарыспен күресіп жатқанын айтып: «Қайшылықтардың көбі Кеңес одағынан тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің тарихынан тамыр алады»,-деді. Қазақстан Президенті: «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгер

https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i58158

Add Comments