Иранның жол министрі Әзірбайжан Президентімен кездесті

Kazakh Radio 10 views
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Рустам Ғасеми Бакуге сапары барысында Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен онлайн түрде кездесті. Әзірбайжан Президенті бұл кездесуде Ашхабадта Иран Президентімен кездесуіне тоқталып: «Ашхабадта Раиси мырзамен кездесу бауырлас және достас екі елдің қарым-қатынасындағы бетбұрысты кезең болды және бұл кездесудің әсерлері. екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуында айқын көрінеді»,- деді. Ильхам Әлиев ирандық компанияларды түрлі салаларға инвестиция салуға шақырып: «Ирандық компаниялар түрлі экономикалық салаларда және транзиттік және электр қуатын өндірудегі жобаларға қатысып, азат етілген аймақтарды дамыту мен қалпына келтіруде белсенді бола алады»,- деп сөзін жалғады.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i58500

Add Comments