Раиси: Залым санкциялар жойылған жағдайда кез келген келісімге қол жеткізуге болады

Kazakh Radio 4 views
Иран Президенті: «Егер тараптар Иран халқына қарсы залым санкцияларды алып тастауға дайын болса, кез келген келісімге қол жеткізуге мүмкіндік бар»,- деді. Иран Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сейсенбі күні кешке тікелей эфирде «сапар мен басқа елдердің ресми тұлғаларымен кездесудің нәтижесі елдің мүддесін қамтамасыз ету және барлық салалардағы даму болуы керек және табыссыз күлімсіреудің пайдасы жоқ екеніне» тоқталып: «Егер қазіргі келіссөздерде қарсы тарап Иран халқына қарсы қатыгез санкцияларды алып тастауға дайын болса, келісімге мүмкіндік бар»,- деді. ИИР президенті «Вена келіссөздері қалай өтіп жатыр және американдықтар тікелей келіссөздер туралы шынайы өтініш берсе, Иранның ұстанымы қандай болмақ?» деген сұраққа: «Бұл сұраныс көптен бері жасалып келеді, бірақ әзірге америкалықтармен келіссөздер жүргізілген жоқ»,- деп жауап берді. Раиси үкіметінің бүкіл әлеммен өзара әрекеттесу үшін құрылғанына назар аудартып: «Біз әлемнің бізбен араласқысы к

https://parstoday.com/kz/news/iran-i58528

Add Comments