Қазақстанда Наурыз мейрамын 10 күн тойлау ұсынылды

Kazakh Radio 26 views
Қазақстанда 10 күн бойы Наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамасының жобасы дайындалып, тиісті веб-сайтта қоғамдық талқылау үшін орналастырылды. Бұл жобада 14 наурыз - «Сәлемдесу күні»; 15 наурыз - «Табиғат күні»; 16 наурыз - «Бабаларды еске алу және бата күні»; 17 наурыз - «Тарих күні»; 18 наурыз - «Игі істер күні»; 19 наурыз - «Спорт және шеберлік күні»; 20 наурыз - «Даналық пен білім күні»; 21 наурыз - Ұлттық тағамдар күні; 22 наурыз - «Ұлыстың ұлы күні»; 23 наурызды - «Құрмет күні» ретінде атап өту ұсынылды. 2020 жылдың ақпанында "Наурыз Шапағаты" атты тойлау тұжырымдамасы бойынша Қазақстанда Наурыз мейрамын тоғыз күн атап өту ұсынылған.

https://parstoday.com/kz/news/kazakhstan-i50476

Add Comments