Алланың айына - сәлем!

Kazakh Radio 62 views
Имам Саджад (ғ.с.): «Алла Тағала Рамазан айын – ораза, Аллаға оралу, тәубе, кешірім, рақым айы және тозақ отынан құтқарылып, жәннәтқа жететін ай деп атады». Рамазан айы, Алланың қонағы болатын ай қайтадан келіп, Алланың жомарттығындай кең дастархан жайылды. Үй иелері құшақтарын жайып, қонақтарды күтуде. Күнәһарлар, адасқандар, мүміндер, бүкіл адамзат бұл илаһи дастарханның басына шақырылады. Қонақ иесі сондай тәубені қабылдаушы және қателерді жасырушы болғандықтан, өкініш көзжасы мен шынайы тәубе үшін бүкіл күнәләрді амалдар кітабынан өшіреді. Алла елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) Рамазан айы туралы: «Уа, халайық, расында Алланың айы береке, рақымы және кешірімімен келді. Бұл ай Алланың ең жақсы айы, оның күндері ең жақсы күндер және түндері ең жақсы түндер, сағаттары ең жақсы сағаттар. Рамазан айы - Алланың қонағы болуға шақыратын ай. Бұл айда дем алудың сауабы бар және ұйқы ғибадат саналып, амалдар қабыл болып, дұғалар мен тілектер орындалады»,- деген болатын. Илаһи да

https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i51822

Add Comments