Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауы халқы сионистік режимге қарсы қарсыласудың жеңісіне қуануда

Kazakh Radio 40 views
БАҚ көздері атысты тоқтату жарияланғаннан және Палестина қарсыласуының сионистік басқыншыларға қарсы жеңіске жеткенінен кейінгі Газаның барлық қалаларындағы Палестина халқының қуанышы туралы хабарлады. Сионистік режимнің ақпарат құралдары: «Режим кабинеті бүгін (жұма) түнгі сағат 2-ден бастап Газа секторында атысты тоқтату туралы келісті»,- деп жазды. Атыс тоқтату туралы жариялағаннан кейін палестиналықтардың Газа көшелеріндегі қуанышы және адамдардың төбелерге шығып, тәбір айтуы атысты тоқтату және соғыс қимылдарын тоқтатудан гөрі қарсыласу топтарының жеңіске жеткендігін және майдан теңдеулері мен кұш теңгерімінің бұл топтардың мүддесіне өзгергендігін білдіреді. Палестина исламдық жиһад қозғалысының әскери бөлімі Құдс күштерінің өкілі Абу Хамза: «Біз бүгін, жұма түнгі сағат 2-де жарияланған атысты тоқтату туралы келісімді орындаймыз, бірақ жаудың кез-келген шабуылына қатаң жауап береміз»,- деді.

https://parstoday.com/kz/news/middle_east-i52726

Add Comments