Исфаһанда Иран армиясының электронды соғысқа қарсы бірлескен жаттығуы басталды

Kazakh Radio 39 views
Иранның Исфахан аймағында және елдің кең аумағында сейсенбі күні таңертең армияның төрт күшінің электронды соғысқа қарсы стратегиялық бөлімшелерінің қатысуымен «Аспан қалқаны-1400» бірлескен жаттығуы басталды. Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран армиясының соңғы жылдардағы электрондық соғыс саласындағы ең практикалық бірлескен жаттығуы болып табылатын «Аспан қалқаны-1400» жаттығуында армияның құрлық, әуе, қорғаныс және теңіз күштерінің жедел реакция бөлімдері электронды соғыс саласындағы шабуыл және қорғаныс тактикасы саласында өздерінің жетістіктері мен мүмкіндіктерін пайдаланады.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i52846

Add Comments