Жарық пен ізеттіліктің қайнар көзі

Kazakh Radio 49 views
Жарық қай жерде болса да, өсу мен тіршілік көзі. Пайғамбар (с.ғ.с.) ұрпағының таза нұры бүкіл әлемге таралған. Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) перзенттерінің бірінің белгісі, туындысы, қасиетті орны мен қабірі болған кез келген жерде, ол таза жүректерді өзіне баурап, иманның өсу мен мүміндер жиналатын және діни құндылықтар мен Пайғамбар әулетінің тағылымдары таралатын орталығы болады. Иранда жетінші имам (ғ.с.) хазірет Мұса бен Джафрдың (ғ.с.) үш баласын еске салатын жер бар. Олардың әрқайсысы илаһи жарықты таратады. Хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі Иранның шығысындағы Мешхед қаласында, хазірет Масуменің қасиетті кесенесі Иранның орталығы Құм қаласында және хазірет Ахмад бен Мұсаның (ғ.с.)қабірі Парсы облысы Шираз қаласында орналасты. Иран пәк имамның (ғ.с.) үш перзентінің аясында ғасырлар бойы материалдық және рухани нығметтерге ие болуда. Имам Мұса Каземнің (ғ.с.) қызы хазірет Фатима Масуменің туған күні құтты болсын! ........................

https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i53214

Add Comments