Наурыз мерекесінің тарихы «Наурызды қарсы алу» атты екі бөлімді бағдарлама х.ш.ж.с.б. 1400 жылғы Наурыз мерекесіне арналған. Бағдарламаның бірінші бөлімінде Ирандағы Наурыз мерекесінің тарихына, ал екінші бөлімінде мерекеде атқарылатын әдет-ғұрыптарға тоқталамыз. Наурыз құтты болсын!
Халық арасында қысқаша ғана «ейд»-айт деп аталатын Наурыз мерекесі ирандықтардың көне тарихы мен мифологиясынан бастау алады. Ежелгі Иранда Наурыз жылдың алғашқы мезгілінің бірінші күні және күн мен түннің теңелген сәтінде тойланған. Ежелгі ирандықтардың сенімінше, Наурыз – ғаламның жаралған күні. Абу Райхан Бируни Наурызды Жаратылыстың қайта тууы деп атаған. Иранның аңыз-әңгімелерінің көбінде Пишдадтар дәуірі Наурыздың пайда болған кезі деп айтылған. Бұл рауаят бойынша, Пишдадтар әулетінің төртінші патшасы Джамшид Наурыз бен оның рәсімдерінің негізін қалаған. Пехлеви мен маниліктердің жазбаларында Наурыз туралы көп айтылған. Тәхт-е Джамшид (Персеполис) қалашығында сақталған ескерткіштер көрсеткендей,
https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i51238