Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (1)

Kazakh Radio 79 views
Қасиетті шағбан айы, оның ортасында хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күні болғандықтан, Құран мен рауаяттардағы хазіреттің бейнесіне тоқталуға қолайлы мұрсат. Осыған орай «Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі» деген бағдарлама түрінде хазіреттің (ғ.с.) хадистердегі қасиетті болмысына негізделген Құранның 30 аятын ұсынамыз. Тақуалардың маңызды ерекшеліктерінің бірі намаз оқып, несібелерімен бөлісумен қатар ғайып әлеміне иман келтірулері. Бұл ерекшелігі олардың басқалардан өзгеше етеді. Тақуалар бүкіл жаратылысқа, көрінетін және ғайып әлемге иман келтіреді. Басқалар өздері сезінгенді ғана қабылдайды. Олар тіпті Алланы көзбен көргілері келеді, бірақ көре алмағандықтан Оған иман иман келтірмейді. «Бақара» сүресінің 55-ші аятында кейбіреулер хазірет Мұсаға: «Әй Мұса! Алланы әшкере көрмейінше саған әсте иланбаймыз»,- деді. Мұндай адамдар таным жолын тек сезімдерімен шектеп, бәрін бес сезім арқылы түсінгісі келеді. «Ғайып» деген термин ақыл-ойдан тыс әлем үшін қолданылады. Өйткені түйсі

https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i51096

Add Comments