Ирандық жазушы Сейед Мәһди Шоджаи «Әке, махаббат және перзент» деген кітабында: «Кейде Хұсейн (ғ.с.) мен Әлиакбардың қатынасын тек әке мен бала арасындағы қатынас емес, бағбанның жаратылыстың ең әдемі гүлімен байланысы деп сезінемін»,- деп жазды.
Бүгін қамари күнтізбесінің 1442 жылының шағбан айының 11 жұлдызы, сәйкесінше 2021 жылдың 25 наурызы имам Хұсейннің (ғ.с.) баласы хазірет Әлиакбардың туған күні. Иранның ұлттық күнтізбесінде бұл күн «Жастар күні» аталды.
Хазірет Әлиакбар ержүректік, абырой мен қадір-қасиет тұрғысынан пәк әрі адал жігітті үлгісі. Ол діндар, сопы, өте тақуа, әдемі, әдепті және адамгершілікке ие деп сипатталды. Бұл адал жігіт ұлы отбасынан, яғни Алла елшісінің ұрпағынан шыққан. Ол имам Хұсейннің (ғ.с.) тұңғыш перзенті, оның анасы Лейла ханым. Лейла ұлы сакифтер отбасына жатады, оның атасы Орва ибн Мас'уд Сақафи еді. Ол сақафи отбасының мүшелерінің бірі ретінде исламға бет бұрып, мұсылман болды. Жақсылық жасау оған анасының сүтімен енген. Хазірет Әлиакбар им
https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i51342