Нұр аясында (1)

Kazakh Radio 53 views
Рамазан айының қасиетті дастарханың басына жиналған Алла Тағаланың мейірімді серіктері мен қонақтарына, сәлем! Рамазан айы мүміндерді Алланың мейрамына шақыру үшін қайта келді. Ислам рауаяттарында бұл ай Алланың айы және ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) үмбетін қонақ ету ай деп аталды. Алла Тағала бұл айда пенделерін мейірімділікпен қарсы алады. Бұл қонақжайлылық адамдардың асқазанын толтыру дегенді білдірмейді, пенделер бұл қасиетті айда ораза, дұға, Алламен сұрласу және басқа да ғибадаттар арқылы рухани өсе алады дегенді білдіреді. Сондай-ақ жаман қасиеттерді жою арқылы адамгершілік қасиеттерді нығайта алады. Осы құнды мүмкіндікті пайдалану адамды Жаратушыға жақындата түсетіні анық. Бұл ұлы айдың «Рамазан» атауының себебін түсіндіргенде Пайғамбарымдың (с.ғ.с.) хадисіне жүгінуге болады. Алла елшісінің хадистерінің бірінде: «Рамазан айы күнәларды жоятын болғандықтан осылай аталады»,- деп айтылды. Имам Бақер (ғ.с.) бұл айдың артықшылығы туралы Джаберге: «Бұл айдың күндерінде ораза т

https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i51850

Add Comments