Бұл бағдарламада Қазақстанда Рамазан айында орындалатын әдет-ғұрыптармен таныстырамыз.
Қазақстан – Орта Азияда орналасқан ел. Астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстанда 19 млн халық бар. Халықтың 70 пайызы, яғни 11 миллионы – мұсылман.
Тарихшылар мен зерттеушілердің сенімінше, Орта Азияда исламның таралуына себеп болған оқиға – 751 жылы орын алған Талас соғысы. Ол кезде Түркеш қағандығының түрік тайпалары (Батыс Түрік қағанатының жалғасы) Аббасилер халифаты күштерімен бірігіп, Қытайдың Тан империясының әскерін жеңді. Бұл жеңіс Тан империясының батыстағы жерлерге басқыншылық жасауына тосқауыл қойды. Сөйтіп 10 ғасырдың аяғында ислам дінінің Жетісу мен Сырдария аймағындағы отырықшы халық арасында тамыр жаюына себеп болды. Қазақстан халқы кезең-кезеңмен исламға бет бұрды. Бұл үдеріс бірнеше ғасырға созылды. Алдымен Қазақстанның оңтүстігіндегі қала тұрғындары, содан соң егіншілер исламға бет бұрды. 19 ғасырда ислам діні қазақ халқының ұлттық болмысының бір бөлігіне айналды. Қазақтар өз
https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i51930