Иранның барлық қалаларында Палестина туы көтеріледі

Kazakh Radio 7 views
ИИР Ислам үгіт-насихат үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Халықаралық Құдс күніне орай елдің барлық қалаларында Палестина туының көтерілетінін мәлімдеді. Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Носратолла Лутфи: «Бейсенбі мен жұма күндері елдің әртүрлі қалаларында Палестина есімімен атанған барлық алаңдар мен көшелерде Палестинаның туы көтеріліп, Құдсты басып алушы режим мен АҚШ-тың тулары өртенеді. Жақын келешекте қасиетті Құдс босатылады. Ирандықтар қасиетті Құдстың жаулап алынуына төзе алмайды, сондықтан Палестина халқының интефазасын кез келген мүмкіндікпен қолдайды»,- деді.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i52344

Add Comments