3-ші хордад, 1982-ші жылдың 23-ші мамыр күні - Иранның оңтүстік-батысындағы Хоррамшаһр қаласы азат етілген күн.
Ирандық жауынгерлердің Ирак диктаторы Саддамның армиясының жан-жақты шабуылдарына қарсы сегіз жылдық қорғанысы ерліктің көрінісі болды. Алайда Хоррамшахрды қайтып алу Алланың жолындағы жиһад рухы мен ерліктің және жанкештіліктің шыңы деп атауға болады. Иранның оңтүстік-батысындағы шекарасында және маңызды Арванд өзенінің су жолымен іргелес орналасқан бұл қала стратегиялық қала болып саналады. Осы себепті Саддам Хусейннің 1980 жылы 22 қыркүйекте Иранды басып кіріп, сол кездегі Иранның ең ірі сауда порты болған Хоррамшахрды басып алынуын қуаттады. Ол бұл мақсатқа үш күнде қол жеткізуге болады деп санады. Ол ержүрек ирандық жауынгерлердің Ирактың БААС режимінің жаппай шабуылдарына ең аз мүмкіндіктермен 34 күн бойы қарсыласатынын білмеді. Әскери және азаматтық күштер Хоррамшахрды қорғау үшін көшелерінде ерлікпен шайқасты және бірнеше рет Саддам Хусейннің ауыр шабуылд
https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i52826