Ирандағы 13-ші президенттік сайлаудың үміткері президенттік сайлауға қатыусының мақсаты халықтың проблемаларын, шешуге талпыну екенін қуаттады.
Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Сейед Ибрахим Раиси сейсенбі күні: «Кейбір әділетсіздіктер, кемшіліктер мен сыбайластықтар бар, және сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу керек», - деді. Раиси оның президенттік сайлауға қатысуына халықтың түрлі топтарының, элита мен кәсіпкерлердің қалауы болғанын мәлімдеді. Раиси халық қалауларына ләббәйік айту міндеті болғанына сілтеме жасап: «Ұлттық ерік бар жерде көптеген түйіндерді шешуге болады»,- деді.
https://parstoday.com/kz/news/iran-i53020