Иранның Қазақстанның Ақтау қаласындағы Бас консулы виртуалды ғылыми отырыста Иран мен Қазақстан арасында бірлескен ғылыми-технологиялық парк құруды ұсынды.
Иранның Ақтаудағы Бас консулы Малакутифар бұл отырыста: «Иран 50-ден астам ғылыми-техникалық паркімен көршілес елдерде өзінің ғылыми жұмыстарын кеңейтуді көздейді»,- деді. Малакутифар 2018 жылы Иранның жаһандық кәсіпкерлік көрсеткіші бойынша 13-орынға ие болғаны және әртүрлі ғылымдар, әсіресе нанотехнология, биотехнология және плазма салаларындағы жетістіктеріне тоқтала отырып, Ақтауда Иран мен Қазақстан арасында бірлескен ғылыми-технологиялық парк құру идеясын ұсынды.
https://parstoday.com/kz/news/world-i53162