Бүгін, сенбі күні 1988 жылдың 3 шілдесінде АҚШ-тың әскери крейсерінен атылған екі зымыранның салдарынан Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағының 290 жолаушысының Парсы шығанағының суларында шәһид болған мекенінде құрбандар отбасылары мен ел қайраткерлерінің қатысуымен гүлден шашу шашылды.
Бұл рәсімде ИИР әнұраны айтылған соң оған қатысушылар елдің оңтүстігіндегі Хормозгон облысы суларындағы Хенгам мен Ормуз бұғазы аймағындағы жолаушы тасымалдайтын ұшақтың 290 жолаушысының шәһид болған мекеніне гүл шоқтарын шашты. 1988 жылдың 3 шілдесінде Парсы шығанағы суларының үстінде ИИР-ның жолаушы тасымалдайтын ұшағы америкалық «Винсеннес» крейсерінің екі зымыранымен атылып, оның 290 жолаушысы, олардың ішінде 66 бала мен 53 әйел және экипаж мүшелері шәһид болды.
Иран Президенті Хасан Рухани бүгін, бұл террористік әрекеттін жылдығында: «АҚШ бұл қылмысына жауап беруге міндетті»,- деді.
https://parstoday.com/kz/news/iran-i53710