Әлемнің барша мұсылмандарына Исламның ұлық пайғамбарының ұрпағынан шыққан имам Джавадтың (ғ.с.) шәһид болған күніне көңіл айтамыз.
Имам Резаның (ғ.с.) ұлы имам Джавад (ғ.с.) - мейірімділік имамы. Ол хижраның 195 жылы Мединада дүниеге келген және әкесі шәһид болған кезде сегіз жастан аспаған. Имам Джавад (ғ.с.) 25 жыл өмірінің 17 жылын басшылық етті және жас кезінде ол өз заманының ғалымдарын таң қалдырды. Имам Джавад (ғ.с.) хижраның 220 жылы билік пен байлықтан мастанғандардың қолынан шәһид болып, атасы мам Мұса Каземнің (ғ.с.) қасына жерленген. 1200 жылдан астам уақыттан кейін хазіретті өлтірушілерден бірде-бір тас және олар үшін «Фатиха» оқитын адам табылмайды. Бірақ Джавад (ғ.с.) мен оның атасы имам Каземнің (ғ.с.) Бағдадтың солтүстігінде, Каземаиндеге қасиетті жерге күн сайын мыңдаған адамдар жиналып, кесенесі мен алтын күмбезін зиярат етіп, имамның (ғ.с.) мінезі мен өмір салтын өздері үшін үлгі етеді. .........................................................................
https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i53864