Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының Қазақ радиосы "Наурыз-2021" халықаралық радиокөпіріне қатысты

Kazakh Radio 28 views
Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының Кавказ және Орта Азия департаментінің басшысы Борхан Хешмати осы радиокөпірде Қазақстан халқын Наурыз мейрамы және Ұлттық радионы 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, осы басқосуға шақырғандарына алғыс айтып: «Қазақстан ұлттық радиосының 100 жылдық мерейтойының Наурызбен тұспа-тұс келуін жақсы ырымға балаймыз. Осы іс-шараның арқасында Қазақстан ұлттық радиосы мен Иранның Қазақ радиосы және Pars Today Kazakh сайты арасында байланыс орнап, сындарлы әріптестікке қолайлы жағдай жасалып, Қазақстан ұлттық радиосының 100 жылдық мерейтойының біз үшін де, сіздерге де есте қаларлық оқиғаға айналатынына үміттенеміз»,-деді.

https://parstoday.com/kz/news/world-i51194

Add Comments