Әлемдегі алғашқы тұзды сарқырама

Kazakh Radio 2 views
Әлемдегі ең әдемі тұзды сарқырамалардың бірі "Петас" Иранда орналасқан.

"Петас" тұзды сарқырамасы Исфахан облысының Хур және Биабанак ауданының шығысынан 40 шақырым жердегі "Петас" кен орнының солтүстігінде "Петас" атты туристік ауылда орналасқан. Сарқырама биіктігі – 25 метр.

"Петас" – әлемдегі алғашқы тұзды сарқырама. Бұл жерге отандық және шетелдік туристер көптеп барады. Сарқыраманың айналасында 6 теңдессіз бөлме бар. Олар толықтай тұздан салынған. Бөлме құрылысында басқа ешқандай материал қолданылмаған.

"Петас" туристік ауылында сондай-ақ тұзды көл, жүзуге арналған бассейндер, тұзды моншалар, буланған бассейндер, спорт және ойын-сауыққа арналған орындар мен обсерватория бар.  

https://parstoday.com/kz/news/iran-i51938

Add Comments